Қорғаста шетелдік азамат декларацияланбаған қыруар ақшамен ұсталды
Бума ақшаның буы! Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғас бекетінде ірі көлемде декларацияланбаған қаржыны алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
28.08.2019
Оның жол сөмкесінің ішінен 1 500 АҚШ доллары, 21 миллион 489 жарым мың теңге мен 3 500 қырғыз сомы шықты. Ақшаның жалпы көлемі 22 миллион 90 мың теңгеден асады, ал АҚШ валютасына шаққанда 57 мың долларға тең. Шекарадан өтерде тәжік азаматы осынша сомада қаржы барын не қағаз жүзінде, не ауызша ескертпеген. Қазір ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 25250 теңге айыппұл төлейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!