{metadescription}
Ақылы жолда айласын асырғысы келгендер артып барады
Ақылы жолда айласын асырғысы келгендер артып барады

Ақылы жолда айласын асырғысы келгендер артып барады

Ақылы жолда айласын асырғысы келгендер көбейді. Жыл басынан бері елімізде 300-ден астам автокөлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірлерін жасырып ақылы жолдардан тегін өтпек болған. Осындай жағдайлардың кесірінен бекеттерде кептеліс те жиілей бастапты. Жүріп өткен жол бағасы қатты қымбат болмаса да, темір тұлпар иелері не себепті мұндай әрекеттерге барады?

Діттеген жеріне тегіс жолмен тегін жетуді көздейтіндер көбейген. Алматы-Қапшағай бағытының өзінде қаңтар айынан бастап 60-тан астам заң бұзушылыққа қатысты хаттамалар толтырылған. Кейбір жүргізушілер бұл жағдайды тариф құнының қымбаттауымен байланыстырады.

Айтжан Жылқыбаев:

- Шығын шыққан әсер етеді. Алдында 200 теңге болған, қазір 400ге шықты. Адамды сора берсең, айлаға барады ғой. Халықты қинай беруге болмайды.     

Заң бұзғандардың басты мақсаты – тек бір ғана бағыттың құнын төлеу болса керек. Себебі: жалғыз ғана төлем қабылдайтын терминал жұмыс істеп тұрғандықтан, қаладан шығуды тек камералар есепке алады. Осыны ескерген жүргізушілер нөмірлерін жасыруға тырысады.  

Күндіз-түні қосулы тұрған бейнебақылау камералары әрбір көліктің мемлекеттік нөмірлерін есепке алады. Егер бір саны немесе толықтай жасырынып, оқуға мүмкіндігі болмаса, бірден хабар береді екен. Содан кейін ондайларды құрықтау үшін тәртіп сақшылары іске кірісіп, заң бойынша айыппұл салынады.

Берік Бекмағамбетов, Алматы-Қапшағай ақылы бекетінің басшысы:

- Жалған нөмір салып жүрген тұтынушыларға әкімшілік құқық хаттама толтырылады. Біріншіден, жүргізу бойынша толтырылады. Екіншіден, салғаны үшін толтырылады. Үшіншісі – сотқа жіберіледі. Сот өз шешімін қабылдайды.

Осы уақытқа дейін заң бұзған 309 жүргізушіге қатысты хаттама толтырылып, 11 темір тұлпар айыппұл тұрағына жеткізілген. Ал иелері 1 жыл мерзімінде көлік жүргізу құқығынан айырылған. Мамандар өз кезегінде тұрғындарды айлаға басып ақшаны аз төлеймін деп, айыппұл арқалап қалудан аулақ болуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде