Кәмелетке толмаған бала көлік айдап, апатқа ұшырады
Ақтауда кәмелет жасына толмаған бала көлік тізгініне отырып, апатқа ұшырады. Қала ортасында емін-еркін жүрген жол талғамайтын көліктің салонында 2 жасөспірім ғана болған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
28.08.2019
- Сіз елестете аласыз ба. Бұл қалай болғаны, мынадай бала? Құжаттарың қайда? Сенің жасың нешеде?
Қымбат Lexus тізгіндеген бала Nexia-ға барып соғылған. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы болғанға дейін жасөспірімдер көлікпен 5 шақырымдай қашықтықты жүріп өтіпті. Рұқсатсыз рөлге отырғаны аздай, тізгіндегі ұл сақшыларға ата-анасының нөмірін беруден бас тартып, оларға хабарласпай, әбден қырсыққан. Ал көліктегі екінші жасөспірім кешірім сұраумен болыпты. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция болған жағдайға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Ал ұлдар отырған көлік айып тұрағына қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!