{metadescription}
Туберкулезге қарсы екпенің ішінен күдікті зат шыққан
Туберкулезге қарсы екпенің ішінен күдікті зат шыққан

Туберкулезге қарсы екпенің ішінен күдікті зат шыққан

Елімізде балаларды туберкулезге қарсы егу тоқтатылды. Себебі, біздің дәрігерлер қолданып келген жапондық екпеден күдікті зат табылған.  

Берік Шәріп, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Соңғы 14 жылда Қазақстанда жапондық Japan BSG Laboratory компаниясының екпесі қолданылып келеді. Алайда жапон өндірушісі, өкінішке қарай, денсаулық сақтау министрлігінде 35 елден 33 сериясын қайтарып алу туралы хабардар етті. Сол себептен комитетпен бұл вакцинаны қолданылуы жабылып жатыр.

Жапондық өндірушілер биыл шығарған 90 мың екпенің 3 құтысының еріткіш препаратының ішінен қақпақтың сынығы шыққан. Десек те, Денсаулық сақтау министрлігі ол иненің бойынан өтпейтінін айтып, баланың денсаулығына зияны жоқ деп сендіруге тырысты. Қалай дегенмен, қауіптенген шетелдік компания 35 мемлекет, оның ішінде Қазақстанға жөнелткен бүкіл вакцинаны кері  қайтарып алған. Соның салдарынан енді елімізде жаңа туған шақалақтар мен 7 жасқа дейінгі балаларға  екпе егу 2-3 айға дейін кешіктіріледі. Әзірге жапондық вакцина алғандардың ата-аналары тарапынан ешқандай шағым түспеген. Ал осы аралықта министрлік туберкулезге қарсы вакцинаны Үндістаннан жеткіземіз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде