{metadescription}
Көп қабатты үйдің шатырындағы балалар жұрттың зәресін ұшырды
Көп қабатты үйдің шатырындағы балалар жұрттың зәресін ұшырды

Көп қабатты үйдің шатырындағы балалар жұрттың зәресін ұшырды

Балконды қойып, шатырға шықты! Алматы облысында 12 қабатты үйдің төбесінде ойнап жүрген балалардың видеосы тарап кетті. Жұрттың зәресін ұшырған жасөспірімдер мен олардың ата-анасын қазір полиция іздеп жатыр.

- Не болып жатыр, қара! Үйдің шатырында балалар жүр!

Мектеп жасындағы 5 баланың шатырдың төбесіне шығып алғаны таспада анық көрініп тұр. Бұл жағдай Қаскелеңде болған. Жасөспірімдер көп қабатты үйдің шатырына техникалық қабаттағы ашық қалған терезе арқылы шығып алған болуы мүмкін. Қалай дегенмен де, басын қатерге тіккен балалар мен олардың ата-анасын жергілікті полиция анықтап жатыр.

Естеріңізге салсақ, осыған ұқсас оқиға жақында Алматыда болған еді. Екі оқушы қыз 16 қабатты үйдің балкон жақтауына аяғын салбыратып отырған. Осы әрекеттері үшін ата-аналары 25 мың теңгеден айыппұл арқалады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.