{metadescription}
Кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмектесіп жүрген қылмыстық топ ұсталды
Кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмектесіп жүрген қылмыстық топ ұсталды

Кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмектесіп жүрген қылмыстық топ ұсталды

Көп асқанға бір тосқан. Павлодарда айласын асырып кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмектесіп келген қылмыстық топ ұсталды. Осы уақытқа дейін олар төрт жарым миллиард теңгені кассадан шешкен.

Күдіктілер кезекті банктен ақшаны алып жатқанда қолға түскен. Тінту кезінде олардан 27 миллион теңге мен 9 мың доллар табылды. Бірнеше жылдың ішінде бұл ұйым 21 жалған фирма ашқан. Атқарылмаған жұмысты атқарылды деген желеумен ақшаны шот-фактура арқылы аударып отырыпты. Ол қаржыны салық төлеуге құлық танытпаған тапсырыс беруші бизнесмендерге беріп, өздері бұл қызметі үшін сол соманың 5 пайызын алған. Осылайша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері бір миллиард теңгедей табысқа кенедген. Оңай олжаға пәтер мен қымбат көліктерді сатып алып отырған. Қазір барлық мүліктері мен есеп-шоттары бұғатталды.

Максим Пахно, Облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары:

- Қылмыстық топ мүшелерінің бірі 2 млн. АҚШ долларын НьюЙорктегі банк арқылы Ресейге аударып үлгерген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.