{metadescription}
Мемлекеттік білім грантын жеңіп алған талапкерлердің тауы шағылды
Мемлекеттік білім грантын жеңіп алған талапкерлердің тауы шағылды

Мемлекеттік білім грантын жеңіп алған талапкерлердің тауы шағылды

Тауы шағылған талапкерлер! Мемлекеттік білім грантын жеңіп алған 6 бала Алматыдағы спорт және туризм академиясына қабылданбай жатыр. Ұл-қыздардың қолында білім министрлігінің тегін оқу туралы сертификаты бар. Алайда академия басшылығы құжаттары талапқа сай келмейтінін айтып, оларды қабылдамай қойған. Білім қуып келген жастардың мұңы неде?

Оралдан келген талапкерлер Спорт және туризм академиясында білім алуды жылдар бойы армандаған. Армандары алдамай, биыл олар мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл хабарды естігенде төбелері көкке жеткендей болған. Бірақ академиядағылар қуанышын су сепкендей басты.  

Мөлдір Жолдығұлова, талапкер:

- 1ші тамызда осы оқу орнына оқуға түсті деген бізге хабар келді. Міне, біздің оқуға түскеніміз жайлы ҚР білім министрінің өзінің жеке қолы қойылған сертификаты. Ұтып алып тұрған оқуды біз неге оқи алмаймыз?!

Жанайқайын жеткізген алты абитуриент те Оралдағы Сервис және жаңа технологиялар колледжін туризм мамандығы бойынша бітірген. Жоғары білімді де аталмыш мамандық бойынша алмақ болыпты. Сөйтіп құжаттарын Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде тапсырған. Ал грантты Туризм және спорт академиясының қысқартылған, яғни 3 жылдық оқуына жеңіп алады. «Негізі, бұл талапкерлер тек толық мерзімді бакалаврға түсуі тиіс», - дейді академия қызметкерлері.

Қалдар Ұнтаев, Қазақ спорт және туризм академиясы қабылдау комиссиясының мүшесі:

- Колледжді толық бітірген жоқ, маман ретінде бітірген жоқ. Бұл талапкерлер колледжді бітірген кезде бұрынғы есепке алғанда лицей, ПТУ сияқты бітірді. Яғни, толық емес. Бұл ҰБТ тапсырып, мектепті бітіргенмен бірдей. Бес пәнді тапсырып барып қана түсуі керек. Құжаттары солай қабылдануы керек еді.  

Мұндағылар мәселені шешуге «қауқарымыз жоқ» дейді. Сол себепті қазір жағдайды жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қарап жатыр. Бірақ үш күн өтсе де, департаменттен еш хабар жоқ. Ал талапкерлер әр есікті қағып жүр. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын олардың уайымы үдей түсуде.

Аманбек Сейсембаев, талапкер:

- Бізде басқа мүмкіндік жоқ. Ақылы да оқи алмаймыз, қаражатымыз жетпейді. Мен көп балалы отбасынан осы оқуды оқуға келдім. Өзім еңбектеніп, өзім жұмыс жасадым.  

 Күнжан Айболатова, талапкердің анасы:

- Бұл балалар енді қайда барады? Өзіне қол жұмсауға дейін, сондай әңгіме айтқандары бар ішінде. Сол себепті мен олардың қасынан шыға алмай жүрмін.

Аз қамтылған отбасынан шыққан 6 баланың обалына қалған – Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде құжат қабылдаған қызметкерлер. Оқу орны кінәсін жуып-шаю үшін енді оларды сол жақта оқуға шақырып отыр.

Нұрлан Серғалиев, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры:

- Университет атынан осы атааналардан, балалардан біз кешірім сұраймыз. Сол біздің қателігіміз. Біздің университет атынан балаларға ұсыныс жасап отырмыз – біздің университетте университет атынан тегін оқуға.

Алайда талапкерлер өздері жеңіп алған грант бойынша Алматыда оқуды қалайды. Сол себепті Білім және ғылым министрінен мәселені шешіп беруді сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде