{metadescription}
Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты қылмыстық істе шала-шарпылық байқалды
Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты қылмыстық істе шала-шарпылық байқалды

Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты қылмыстық істе шала-шарпылық байқалды

Табиғат қорғау испекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілді. Өйткені тергеу органдары істі жан-жақты зерттеп дәлелдеу базасын толықтырмаған. Сонымен қатар, тергеу органының сотталушыларға Қылмыстық кодекс баптарын дұрыс қолданбағаны сот ісіне кедерге болатыны айтылды.

Судьяның айтуынша, қылмыстың қай жерде, қалай жасалғанын дәлелдейтін материалдар айыптау актісінде жоқ. Тергеушілер оқиға орнында қандай әрекет болғанын тек екі тараптың ауызша түсініктемелерінен ғана жинаған. Онымен қоса айыптау актісінде бір-біріне кереғар дүние көп екен. Мұны сотталушылардың адвокаттары сот алды тыңдауда айтқан еді. Жәбірленуші тараптың да уәжі есепке алынды. Себебі, заңсыз аңшылықпен айналысты деп айтыпталған төртеу қылмыстың болғанын жақсы білген. Сөйте тұра, қылмыс туралы жария етпеу және оны жасыру баптары бұларға қолданылмағаны артық сұрақ тудырып тұр.

Бекзат Шалғынбаев, судья:

- Іс құжаттарында Қылмыстық кодекстің 432 ші және 434 ші баптары бойныша ешқандай шешім қабылданбаған және бұл бөлікте қандай да бір тексеру жұмыстары жүргізілмеген. Қылмыстық процестік кодекстің 323ші бабында басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылық анықталған кезде сот оларды жою үшін істі прокурорға қайтарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.