{metadescription}
Приозерскіде өзін атқан сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады
Приозерскіде өзін атқан сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады

Приозерскіде өзін атқан сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады

Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы нөмірі 44841 әскери бөлімі сарбазының өзін атып тастағанына байланысты тексеру жүріп жатыр. Ал Мағжан Тұрсұнқұлдың отбасы ол қарумен ойнап отырып шүріппені абайсыз басып алғанын айтады. Сонымен қатар, жұрттан желіде жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірмеуді сұраған жазба жариялады. 

Рахман Қуанышев, сарбаздың туысы:

- Ол ауруханаға жеткенде әлі естүсін білген. Дәрігер «Қанша оқ аттың?» деп сұраған. «Бір оқ аттым, байқаусызда» деп айтқан. Блогерлер де, бәрі жазып жатыр. Отбасымызға ауыр болып тұр. Ондай нәрселерді доғартыңыздар. Інім өзін байқаусызда атып жіберді. Былай бәрі жақсы, Алла қаласа, бәрі жақсы болып кетеді.

Мағжан Тұрсынқұл әскерге биыл мамырда Атырау қаласынан шақыртылған. Приозерск қаласындағы әскери бөлімге түсіп ант қабылдағанда, туыстары барып көңіл-күйінің көтеріңкі екенін көріпті. Олардың мәліметінше, кеше ол қарауылға түскен. Оқу-жаттығу мерзімі бітіп, енді ғана қару ұстап жүрген бала оны қызықтап ойнағанға ұқсайды. Оқ атылған кезде ғана қарауыл басшысы жүгіріп келіп сарбазға алғашқы көмек көрсеткен. Бірден жедел жәрдеммен қаладағы ауруханаға жөнелтіліпті. Атылған оқ сарбаздың өкпесін жаралаған. Жағдайы ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.