{metadescription}
Қаршадай балалар бір тәулік бойы ну орманның ішінде адасып жүрген
Қаршадай балалар бір тәулік бойы ну орманның ішінде адасып жүрген

Қаршадай балалар бір тәулік бойы ну орманның ішінде адасып жүрген

Орманда адасқан оқушылар табылды. Павлодар облысында бір тәулік бұрын жоғалған жеткіншектер ата-анасымен қауышты. Полиция ну орман ортасынан балалардың аман-есен табылуы адам сенгісіз деп отыр.

Жоғалған жеткіншектерді іздестіру жұмыстарына 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар, орманшылар мен тәртіп сақшылары табанынан тозып, сай-саланы түгел сүзіп шыққан. Қызметтік иттер де балалардың ізіне түсе алмапты. Сегіз жасар қыз бен тоғыз жасар ұл 18 сағаттан соң көрші орман шаруашылығы аумағынан табылды. Белгілі болғаны, Шалдай ауылының оқушылары саңырауқұлақ теруге шығып адасып кеткен. Дәрігерлер түнгі салқында далада қалып қойған балаларға суық тимегенін айтады.

Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары:

- 8 және 9 жасар балалар түнде орман ішімен жүріп өткен. Олар адасқан жерінен отыз шақырым қашықтықты артқа тастаған. Таңқаларлығы, алдыартына қарамай жүре берген балалар дінаман.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде