{metadescription}
Шымкентте мүгедек балалар далада қалайын деп тұр
Шымкентте мүгедек балалар далада қалайын деп тұр

Шымкентте мүгедек балалар далада қалайын деп тұр

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі оннан астам бүлдіршін балабақшадан қағылды. Сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығының тамағы нашарлап көңіл көншітпейтін болған соң, 15 ұл-қызды ата-анасы шілденің басында өзге балабақшаға орналастырмақ болады. Шымкент басшылығы бұл мәселенің шешімі оңай екенін айтып, бір аптадан қалдырмай орналастырамыз деп уәде берген. Екі айдан асса да, шенеуніктер шешпек түгілі, олармен кездескісі де жоқ.

Күніге таңнан кешке дейін арнайы оңалту орталығында болуы тиіс балалар енді ата-анасымен әкімдік ғимаратының кіре-берісінде омалып отыруға  мәжбүр. Шілденің басында 15 ата-ана бұрынғы жекеменшік орталықтың сапасына наразылық танытып мемлекеттік оңалту мекемесіне орналастыруды өтініп келеді. Ол кезде мәселе «қиын емес» деген қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова құжатты ауыстыруға бір апта уақыт сұрап, ата-аналарды қайтарады. Содан бері екі айдан асып, ата-аналар атқамінерлерден уәденің орындалуын күтіп жүр.

Айсұлу Қалкенова, мүгедек баланың анасы:

- Тағы бір ай күтесіңдер дейді. Үш ай күттік, енді тағы бір ай күту керек екен. Депутаттар шеше алмай жатыр екен. Білмеймін,бізге ақша бөлетін депутаттар екен.

Гүлмира Найманова, мүгедек баланың анасы:

- Қашанға дейін отырасыздар?

- Мәселемізді шешіп бергенше отырамыз. Себебі, біз ертең жұмыстан қаламыз ғой. Бүгін жұмыстан қалдым. Бес балашағам бар.

- Аманкелді, балабақшаға барғың келе ме?

- Иә.

- Балабақша ұнай ма?

- Иә.  

Осы уақытқа дейін жекеменшік «Болашақ» орталығына барып жүрген, енді ата-аналар мемлекеттік оңалту мекемесіне барғысы келед. Екі айдан бері өтініп жүрген орталықтағы әр топта 6 ғана баладан, логопеді мен массаж жасаушысына дейін бар, бұл орталық ақша бөлінбесе, «жолатпаймыз» деп отыр.

Перизат Қосалиева, «Шымкент қаласы халыққа қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ директорының орынбасары:

- Қай уақытта қаражат бөлінеді, сол күннен бастап бала қабылдаймыз. Болды. Әзірге бізде барлық нәрсе жоспарда бар.

- Әкім шықсын! Әкім шықсын!

Орынбасарларынан «алданып жүрміз» деген бір топ әйел әкімнің «өзі шықсын» деп талап еткен. Тек, басшы түгілі орынбасарларының бәрі шетте жүр екен. Олардың орнына келген жұмыспен қамту бөлімінің өкілі: «мәселені шешіп жатырмыз» дейді.

Нұрғали Егембердиев, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл кісілер талап етіп жатқан мекемеде қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр – біріншіден. Ол жерге 30 балаға жатын орын дайындалып жатыр, қосымша ол жерге қызметкерлер тағы да алуымыз керек болады. Олардың мәселесі қарастырылып жатыр. Одан кейін ақшалай мәселені қазір бізде қыркүйек айында бюджетті нақтылайды. Сол жерде, біз сол кезде керек құжатты сұратқызып жатырмыз.

«Жұмыс істеп жатырмыз» деген басшылық неліктен осы уақытқа дейін мәселенің созбалаңға салынғанын да, қашан нақты нәтиже шығаратынын да айта алмайды. Ал онсыз да сал ауруына шалдыққан мүгедек ұл-қызына алаңдаулы ата-ана мәселені шешіп бермейінше, әкімдікке күніге келеміз деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде