{metadescription}
Алаяқтардың арбауына түсірмейтін қарапайым ережені біліп алыңыз 
Алаяқтардың арбауына түсірмейтін қарапайым ережені біліп алыңыз 

Алаяқтардың арбауына түсірмейтін қарапайым ережені біліп алыңыз 

Аңқау жұртқа – арамза алаяқ! Елімізде банктің атын жамылып ақшаңызға қол сұғатын сұғанақтар көбейді. Өзін банк қызметкерімін деп таныстыратын күдіктілер телефоныңызға келген құпия кодты сұрайды. Егер ештеңенің байыбына бармай құпиясөзді айтсаңыз, бар жиған-тергеніңізден айырыласыз. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек? Қарапайым ережелерімен танысыңыз.  

Мәлика Дүйсенбаева телефон қоңырауын жәй жазып алған жоқ. Оған хабарласқан белгісіз ер адам өзін банк өкілімін деп таныстырып, смс арқылы келетін кодты айтуды сұраған. Оны Мәликаның картасынан заңсыз аударымның алдын алу үшін деп түсіндіреді.

Мәлика Дүйсенбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны: 

- Мен оған қарсы сұрақ қоя бастағанда оның сасқалақтап қалғанын сездім.

Сақтық Мәликаның бірнеше жүз мың теңгесін сақтап қалды. Әйтсе де, алаяқтықтың жаңа түрімен ұшырасқан жалғыз ол емес. 

Ксения Қалиева, Ұлттық банктің қаржы қызметтерін тұтынушылар құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары:

- Алаяқтардың құрбаны болмау үшін код, құпиясөз, төлқұжат мәліметтерін, төлем картасындағы мәліметтер мен реквизиттерді, карта нөмірі мен картаның артқы бөлігіндегі CVV кодты ешкімге айтпау керек. Сондайақ, телефонға келген кодтарды құпия ұстау қажет.

Телефон арқылы жеке ақпаратты банк қызметкеріне де айтуға болмайды. Мұны Анна Храмушкина әрқашан есте ұстайды. Алайда «банктенбіз» деп хабарласқанда абдырап, картасының нөмірін айтып қойған. Артынан алаяқ екенін түсінген соң сөйлесуді дереу доғарып, 100 мың теңгесін сақтап қалыпты.

Анна Храмушина, Алматы қаласының тұрғыны (ауд.):

- Егер мен банк картасын қолдансам, мұнда менің және банктің жауапкершілігі қандай екенін анық түсінуім керек. Өз жауапкершілігімізді банкке аудару қажетсіз, өйткені бізді ылғи қандай жағдайлар болатыны туралы айтып сақтандырады.

Алаяқтар Мәлика Дүйсенбаеваға қатысты арам ойын жүзеге асыра алмады. Банктің сақ клиенттеріне тап болғанда олар қорқытуға көшеді. Шотын жауып немесе бұғаттаймыз деуі мүмкін. Кейде тіпті отбасын, өзін қырып кетеміз дейтіндері бар.  

Мәлика Дүйсенбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Қорқып кеттім, бірақ оны байқатпадым. Әлгі адаммен сөйлесіп отырып, қызымның телефонымен коллорталыққа хабарластық. Ұзағырақ күттік, артынан бізге оның банк қызметкері емес, алаяқ екенін айтты.

Олжас Сәтиев, Кибершабуылдарды сараптау және зерттеу орталығының президенті:

- Мұны хакерлік сленгте айтсақ, ол «әлеуметтік инженерия» деп аталады. Яғни психологиялық әсер ету арқылы қолданушылардың сеніміне кіріп, банк атынан сөйлеп, қолында бар мәліметтерді айтып, артынан пинкод немесе құпиясөзді сұрауы мүмкін.

Сіздің ақшаңыз бен қаражатыңызға көз тігетін алаяқтар көбейіп келеді. Операцияларды мақұлдауға банк сіздің телефон нөміріңізге операцияны мақұлдау туралы және қосымша қауіпсіздік үшін коды бар смс жібереді.

Ұмытпаңыз, телефоныңызға СМС арқылы келген код, пин-код, жеке кабинетіңіздің құпиясөзін бөгде біреуге айтпасаңыз – еш қауіп жоқ. Ал алаяқтар бұл мәліметтерге қол жеткізгенін білсеңіз, картаны бұғаттап, құпия сөзді бірден өзгерту керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде