Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындары шетелдік компанияларға наразы
Жаңаөзенде тұрғындар әкімдік ғимаратының алдына жиналып наразылық білдірді. Олар өңірде шетелдіктер түгел жұмысқа орналасып, ал өздерінің екі қолға бір күрек таппай жүргеніне наразы. Жергілікті жұрт осыны басшыларға жеткізбек болған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
02.09.2019
Әкімдікке таңғы уақытта барған топ аймақта шетелдік компаниялардың көбейіп кеткеніне де қарсылық білдірді. Айтуынша, ол мекемелерде жергілікті тұрғындарға жұмыс орны жетіспейді. Сол себепті жұмыссыз жүргендер көп. Наразы топтың алдына Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев шығып, арасындағы белсенділерін облыс орталығына барып сөйлесуге шақырған. Бірақ бұған келіспеген наразы тұрғындар, қойған талаптарына тұшымды жауап алу үшін шенеуніктерге 24 сағат уақыт береміз деп тарқасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!