Дариға Назарбаева Сенат спикері болып қайта сайланды
Дариға Назарбаева Сенат спикері болып қайта сайланды. Бүгін бір айдан аса уақыт демалыста болған Жоғары палата депутаттары жұмысқа кірісті. Отырыстың тәртібіне сай, алдымен құпия дауыс беру арқылы Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны таңдады. Нәтижесінде 48 сенатор Дариға Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Автор: Әсел Тұмашқызы
02.09.2019
Дариға Назарбаева, Сенат спикері:
- Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рақмет. Бұл мен үшін зор мәртебе, үлкен жауапкершілік. ҚР Парламентінің Жоғары палатасының басшысы ретінде мен сүйікті Отанымның гүлденуі үшін бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын.
Дариға Назарбаева бұған дейін Жоғары палатаны төрт айдан астам уақыт басқарды. Тамызда Сенат депутатының өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты қайта сайланып отыр. Дариға Нұрсұлтанқызы заң шығарушы органның жұмысымен 2012 жылдан бері таныс. Өйткені осыдан 7 жыл бұрын Мәжіліс депутаты болып, әлеуметтік-мәдени даму комитетін тізгіндеген. 2014 жылы Төменгі палата төрағасының орынбасары болса, кейін екі жылдай Үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарды. Тек 2016 жылы сенаторлар қатарына қосылып, Халықаралық қатынастар, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетінің басшысы болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!