Президент удай қымбат әуе билеттеріне қатысты сын айтты
Президент құны аспандап тұрған әуе билеттеріне қатысты сын айтты. Тоқаев еліміздегі басты әуе компаниясының сұранысқа ие бағыттардың бағасын неліктен 30 пайызға дейін қымбаттатып жібергенін тексеруді талап етті.
Автор: Әсел Тұмашқызы
02.09.2019
Ол аздай әуежайдағы қызмет көрсету құнын қадағалап жатқан ешкім жоқ. Соның салдарынан шетелдік тасымалдаушы компанияларға отын қымбат бағамен сатылуда. Сөйтіп, еліміздің транзиттік әлеуетін төмендетіп жіберген. Дегенмен жауапты министрлік бағаның қымбаттап кетуін техниканың аздығымен түсіндірді.
Айбек Әлжанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
- Билет бағасының қымбаттауы әуе кемелерінің жетіспеушілігімен байланысты. Әуе тасымалы компаниялары тұрғындардың сұранысын өтей алмай отыр. Дегенмен, биыл FlyArystan қосымша ұшақтар сатып алса, 2023 жылға дейін аталмыш компанияның ауе паркі 15 әуе кемесімен толықтырылуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!