Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды және бейбіт шеру өткізуге рұқсат берілсін
Бос жатқан жерлер иесінен тартып алынады. Себебі, мемлекеттен жалға алған мыңдаған гектар алқаптарды иелері ұқсата алмай отыр, басқаларға да бергісі жоқ. Сондықтан Президент ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жерлерді тәркілеуге көшу керектігін ашық айтты. Сондай-ақ, қазақтың шұрайлы жерлеріне өзгенің көз салуына жол берілмейтінін, шетелдіктерге сатылмайтынын шегелеп айтты. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы бейбіт шеру өткізуге рұқсат беруді де тапсырды.
Автор: Әсел Тұмашқызы
02.09.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажет. Конституцияға сәйкес, азаматтарымыз өз ойын еркін білдіру құқығына ие. Егер ондай акциялар заң шеңберінде өтіп, азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, қолдау білідіріп, заңда көрсетілген тәртіп бойынша митинг өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін қаланың ішінен арнайы орын бөлінуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!