{metadescription}
Зейнет жасына дейін зейнетақы жинағынан қаражат алуға рұқсат берілуі мүмкін
Зейнет жасына дейін зейнетақы жинағынан қаражат алуға рұқсат берілуі мүмкін

Зейнет жасына дейін зейнетақы жинағынан қаражат алуға рұқсат берілуі мүмкін

Ел азаматтарына зейнетке шықпай-ақ зейнетақы жинағынан қаражатын алу рұқсат берілуі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке аталмыш мәселені жыл соңына дейін қарастыруды тапсырды. Егер бұл өзгеріс жүзеге асырылатын болса, азаматтар зейнетақы қорындағы қаражатын үй алу, білім алу сынды қажеттіліктеріне пайдалана алады. Бұл «өз ақшамыз қолымызға тиді» деген сөз бе, әлде Үкімет оның басқа жолын қарастыра ма? Бұл жөнінде сарапшы мамандар не дейді?

Елдің зейнетақы жүйесінде үлкен мәселелер қордаланып қалған. Зейнетақы жинақтарының жетіспеушілігі қазір байқалмауы мүмкін. Бірақ 10 жылдан кейін ол сыр береді. Жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы қорына аударымы азаяды. Есесіне зейнеткерлер саны артып кетеді. Зейнетақы қоры активтерінен түсіп жатқан табыстың көлемі де аз. Мұның бәрін мемлекет біліп отыр. Демек, уақыт оздырмай зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру қажет. Сондықтан зейнетке шықпайынша жинағыңды ала алмайсың деген ережеге амалсыз өзгеріс енгізбекші. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қазір жұмыс істейтін адам зейнеткерлікке шықпайынша, қорға жиған ақшасын пайдалана алмайды. Бірақ адамдардың зейнетке шықпай тұрып жаратқысы келетіні түсінікті. Сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін зейнетақы қорына жинаған қаражатының бір бөлігін мақсатты түрде пайдаға жаратуын қарастыруды тапсырамын.

Пайдасына жарату –  үй алу немесе білім алу сияқты қажеттіліктер. Мемлекеттің бұл бастамасы сарапшылардың бірауыздан оң бағасын алып отыр. Мәселе – қандай жолмен жүзеге асырылады? 

Бота Жұманова, экономика сарапшысы:

- Ақшаны қолмақол шешіп алу деген болмайды. Менің ойымша, қандай да бір тетіктерін ойластырады. Яғни, адам үй алатын болса, Ұлттық банк несие беретін екінші деңгейлі банкпен келісімге келуі мүмкін. Яғни, болашақта зейнетақы қорына аударатын қаражатының белгілі бір бөлігін сол алатын үйінің ақысына аударып отыруы мүмкін.  

Мемлекет басшысынан тапсырманы ести сала сала, басшылары қазірдің өзінде не істеу керектігін ойша тізіп жатыр. Үкіметке нақты жұмыс жоспарын ұсыну үшін олардың төрт ай уақыты бар.

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

- Азаматтарымыз қанша қаржы жинағанын, олзейнетақыға жете ме, жетпей ме – бәрін қарағаннан кейін аталмыш тапсырма бойынша осы жылдың соңына шейін Үкіметпен бірігіп, Ұлттық банк ұсыныс енгізеді.  

Зейнетақы қорының шығындарын азайту үшін бюджеттен тыс бірыңғай әлеуметтік қор құрылуы да мүмкін. Президенттің тағы бір мәлімдемесі, қосымша 5 пайыздық зейнетақы төлеміне қатысты. Ол шаруа былтырға жоспарланып, бірақ жүзеге аспай, 2020 жылға шегерілді.

Келесі жылдың бірінші күнінен бастап жұмыс берушілер жұмысшыларының жинағына негізгі 10 пайыздан бөлек, өз есебінен қосымша 5 пайыз зейнетақы төлемін аударып отыруы тиіс болатын. Бұл – компанияларға қосымша жүк. Жаңа жұмыс орындарын ашуға ешкімнің құлқы болмай қалуы мүмкін. Президент соны меңзейді. Сондықтан бұл шаруаны тағы 2023 жылға қалдырды. Оған дейін Үкімет пен бизнес өкілдері бір байламға келуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде