{metadescription}
Ынтымақтағы фармацевтикалық кәсіпорын ашулы жұрттың күдігін сейілтуге тырысты
Ынтымақтағы фармацевтикалық кәсіпорын ашулы жұрттың күдігін сейілтуге тырысты

Ынтымақтағы фармацевтикалық кәсіпорын ашулы жұрттың күдігін сейілтуге тырысты

Жұрттан жасыратынымыз жоқ! Алматы облысы, Ынтымақ ауылындағы фармацевтикалық кәсіпорын денсаулығына алаңдап шулаған тұрғындарға үн қатты. Өндіріс ошағының өкілдері халықтың күдігін сейілту үшін барлығына «дайынбыз» деп отыр. Олар цехтан сыртқа шығатын сұйықтық «у емес» дегенді алға тартады.

Айта кетейік, осыған дейін ауыл жұрты мектептің дәл іргесінде тұрған кәсіпорыннан химикатқа толы сұйықтық далаға жайылып, ұл-қыздарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізеді деп базыналарын айтқан болатын.

Ештен кеш жақсы. Ынтымақ ауылындағы фармацевтикалық кәсіпорын халықтың күдігін сейілту үшін бізді өнідіріс ошағының жұмысымен таныстырды. Кәсіпорын қолғап, маска, бахилла – медицинада бір рет қолданылатын бұйымдар дайындайды екен. Жұмысшылар тұрғындар секем алған бактериядан стерилизатор цехынан шығатын сұйықтық денсаулыққа қауіп төндірмейтінін алға тартады.

Серік Ғабдұшев, цех операторы:

- Шығарған заттарымызды жойып, су қылып септикке барады. Септикті жұмасына екі рет алып кетеді. Оның ешқандай зияны жоқ. Өзім осындай жасқа келдім, зиянын көрмедім. Ай сайын медициналық комиссиядан тексеруден өтеміз. Мұндай стерилизатор цехы Қазақстанда санаулы ғана. Өте қымбат тұрады. 

Еске салсақ, тұрғындар мектептің дәл іргесінде тұрған кәсіпорынның кесірінен балаларымыз аурушаң болады деп шулаған. Ашынған халықты өндіріс аумағындағы ауаның қышқыл тартуы да алаңдатқан еді. Алайда фармацевтикалық компания басшылығы цех 13 жылдан бері «барлық талапқа сай жұмыс істеп келеді» деп жұртты сендіріп отыр.

Сәуле Мәкішева, фармацевтикалық компанияның атқарушы директоры:

- Кәсіпорын газ этиленоксид қолданады. Бірақ оның 20 пайызыэтиленоксид, 80 пайызы көмірқышқыл газы. Яғни, қауіп жоқ деген сөз. Қоймалардың барлығы талапқа сай. Кәсіпорын құзырлы органның тексерісінен толық өткен.

Кәсіпорын мемлекет қолдау білдірсе дау болған стерилизатор цехын көшіруге де дайын. Дегенмен мұндай қадам бір жылдан аса уақытты талап етеді екен. Сондықтан тұрғындарға әлі сонша уақыт шыдаудан басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.