{metadescription}
Есілдің көпірін салған жүзден аса жұмысшылар жарты жыл бойы жалақысыз жүр
Есілдің көпірін салған жүзден аса жұмысшылар жарты жыл бойы жалақысыз жүр

Есілдің көпірін салған жүзден аса жұмысшылар жарты жыл бойы жалақысыз жүр

Елордада Есілдің үстінен көпір салып жатқан құрылысшылардың жалақысына қатысты жыр бітер емес. Жыл басынан бері маңдай тері ақыларын алмағандар бүгін тағы жиналып шу шығарды. Айтуларынша, бұған дейін наразылық білдіргенде жалақысын жырымдап алған олар содан бері бір тиын көрмеген.

Салынып бітпей жатып дауға айналған көпірде жарты жылдан бері құрылыс тоқтағанымен, жұмысшылар кешелі бері осында жүр. Вахталық әдіспен жұмыс істегендер Шымкент, Алматы, Қазалы, Қызылорда секілді еліміздің түкпір-түкпірінен ақшасын даулау үшін қайта жиналған. Өйткені, жүргізуші, дәнекерлеуші, слесарь секілді жұмысшылардың бірде-бірі қаңтардан бері жалақы алмапты.

Бақберген Медетбеков, жұмысшы:

- Жалақымды 78 ай алған жоқпын – 800 мың.

- Бір өзіңізге?

- Иә. Менің кемпірім мүгедек. Оған дәрі-дәрмекке ақша керек. Бала-шағам, немерем бар. Ауылда тұрамын.

Бақберген секілді айлығын алмаған жұмысшылар жүзден асады. Барлығы Есілдің сол мен оң жағалауын жалғайтын көпірді салған. Ұзындығы 263 метр болатын ол негізі жарты жыл бұрын пайдалануға берілуі керек еді. Енді құрылыс созылып, жұмысшылар нәпәқасыз жүргендіктен осында келуден «басқа амал болмады» дейді.

Әбдімәлік Бердібеков, жұмысшы:

- Осы жерге келген адамдар қарызға батып келді. Жолына қарыз алып. Мен өзім осында қарызға ақша алып келдім. Қайтпаймыз, осында боламыз!  

«Ешқайда кетпейміз» деген жұмысшылар құрылыс басында уақытша салынған жатақанада кешеден бері жатыр. Мұндағы бөлмелерде өте суық. Төсектерден басқа ештеңе жоқ. Тіпті кейбірінде қарапайым төсеніш те жоқ.

«Нұрлы жол» вокзалы мен Ұлы дала көшесін жалғайтын көпір әкімдіктің тапсырысымен салынып жатыр. Құрылысқа қажетті 9 миллиард теңгені әкімдік бас мердігер «Мостотряд» мекемесіне әлдеқашан аударып қойған. Жұмысшылардың жалақысыз қалуына солар кінәлі дейді.

Ерлан Смағұлов, Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

Мердігер Еңбек кодексін бұзып отыр. Тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға қыркүйектің 20сына дейін жұмысшылар алдындағы қарызын төлеуге уақыт берілді. Айтуларынша, олардың барлық есеп-шоты бұғатталып тұр. Сондықтан құрылысшыларға ақша аудару уақытша мүмкін болмай тұр дейді.

Айта кетерлігі, жұмысшыларын тақырға отырғызған компания Алматы облысында орналасқан. Сондықтан жергілікті Еңбек инспекциясы енді олардың шоттарын бұғаттан шешіп, жұмысшыларына ақша аударуын қадағалауы тиіс. Сондықтан жалақыны тағы біраз күтуге тура келетін сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде