Әуе компаниялары баға саясатын өзгертуге асықпай отыр
Әуе билеттерінің бағасы әзірге арзандамайды! Президент сынына қарамастан әуе компаниялары баға саясатын өзгертуге асығатын емес. Өйткені ең ірі деген жолаушы тасымалдаушы компаниялардың өзінде ұшақ жетіспейді. Бұл аздай әуежай қызметі де қымбат. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін ұлттық әуе тасымалдаушы компания үкіметке өз ұсыныстарын жолдады. Жолаушылардың жанына батқан сан сұраққа Диас Нұрақын жауап іздеп көрді.
Автор: Диас Нұрақын
03.09.2019
Президент әуе билеттерінің бағасын арзандатуды айтқанда жұрт бір қуанып қалып еді. Алайда ұшаққа жиі мінетін жолаушылар әлі де қымбатшылық қамытынан шыға алмайтын сияқты. Өйткені еліміздегі әуе компаниялары бірден бағаны арзандатуға асығар емес. Дегенмен, тарифті түсірудің ең
Ерболат Байсалықов, Air Astana әуе компаниясының департамент директоры:
- Билет бағасын арзандату үшін «Эйр Астана» компаниясының бірнеше ұсынысы бар. Біріншіден, еліміздегі әуежайлар ұшақтарға қызмет көрсету құнын арзандатса. Екіншіден , билет бағасына кіретін қосымша құн салығын алып тастауды ұсынамыз. Көрші Ресейде ішкі рейстердегі бағаны арзандату үшін дәл осы тәсіл қолданылады.
Ұлттық әуе тасымалдаушы компания өкілдері: «Еегер қосымша құн салығы жойылса, билет бағасы бірден 12 пайызға арзандайды», - дейді. Ал вице-премьер Жеңіс Қасымбек қымбатшылықты ұшақтардың жетіспеушілігімен түсіндірді. Сондықтан алдағы уақытта екі әуе компаниясына ұшақ сатып алуға ақша бөлеміз деп отыр.
Жеңіс Қасымбек, премьер-министрдің орынбасары:
- «СамрұқҚазына» ҰӘҚ-мен бірлесе отырып үкімет әуе кемелерінің паркін ұлғайту мақсатында «Эйр Астана» және «Қазақ Эйр» компанияларын қосымша қапиталандыруды жоспарлап отыр.
Ең қызығы, дәл осы билет бағасын арзандату үшін мамырда жаңа отандық лоукостер ашылған еді. Алайда «Флай Арыстанның» билеттері қарапайым халыққа қолжетімді деп айта алмайсың. Өйткені барар жеріңе бір ай бұрын қамданбасаң қалтаңды қағады. Ал мереке күндері ұшаққа міну тіпті мүмкін емес.
Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Әуе компаниялары мереке және демалыс күндері бағаны тым қымбаттатып жібереді. Бұл келеңсездікті алдағы уақытта жоятын боламыз. Дегенмен артық ақша шығындамас үшін сапарыңызды алдын ала жоспарлап, билетті ертерек сатып алған абзал.
Бұрын әуе компаниялары авиакеросинді «сырттан сатып аламыз» деген сылтаумен билет бағасын қымбаттатын. Қазір еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары ұшаққа қажетті отынды толық көлемде өндіруде. Соған қарамастан, баға ырыққа көнбей отыр. Тіпті президент тапсырмасынан кейін де әуе компаниялары билет құнының нақты қанша пайызға арзандайтынын айта алмай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!