{metadescription}
Егін шықпаған бірқатар өңірлер шаш етектен шығынға батты
Егін шықпаған бірқатар өңірлер шаш етектен шығынға батты

Егін шықпаған бірқатар өңірлер шаш етектен шығынға батты

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қуаңшылықтың салдарынан егін шықпай қалған. Әсіресе Ақтөбе мен Қостанай облыстарының шаруалары шаш етектен шығынға батып отыр. Олар: «мемлекеттен қолдау болмаса, кәсібіміз келер жылы мүлдем тұралап қалады», - деп қорқады. Бұл мәселені ауылшаруашылық министрлігі де жақсы біледі. Бірақ олардың қандай жоспары бары әзірге белгісіз.

Ақтөбе облысындағы егін алқаптарының жартысынан көбі бос жатыр. Көктемде тұқым себілгенімен, дән сабағы көтерілмеген. Себебі, жаз бойы тамшы тамбады. Ал қуаңшылыққа төзімді деген бидай сортын еккендердің өзі өнімнің тым аз екенін айтады. Тіпті шығынымызды жаппай отыр деп налиды.

Маратбек Алмұратов, Ақтөбе облысының агрономы:

- Биыл 15 мың гектар жерге егін салғанбыз. Ауа райы өте қолайсыз болды. Биылғы жаздың қуаңшылығына байланысты биыл егін былтырғыға қарағанда екі еседей аз болайын деп отыр. Өте үлкен шығын. Қаншама шығынды өтей алмай отырмыз. Техникалар алып жатырмыз. Несиесі, субсидиясы бар. Соның бәрінің өтемақысы қиын боп тұр.

Егіннің арқасында күнелтіп отырған Қостанай облысындағы жағдай да нашар. Әр гектарынан ораққа ілінген бидай небәрі бес центнерге жетпейді. Мұны ауыл шаруашылығы министрінің өзі жақсы біледі. Сапархан Омаров қуаңшылықтан қураған егінді көруге өңірлерге арнайы топты жіберіпті.

Сапархан Омаров, Ауыл шаруашылығы министрі:

- Құрғақшылық салдарын зерделеу мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылып, олар облыстың барлық аудандарын зерттеп қарады. Фактілер расталды. Осыған байланысты сіздің тапсырмаңызға сәйкес, ауылшаруашылық министрлігі Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерін қолдау шараларын қарастыратын болады.

Премьерге есеп берген министр қуаңшылықтан шығынға батқан шаруаларға қандай көмек берілетінін айтпады. Бастысы жұрт «наннан тарықпайды» деп отыр. Бірақ егін ору науқаны оңайға соқпайтынын синоптиктер ескерткен. Өйткені бір ай бойы ел бойынша жауынды болады.   

Ақтөбелік диқандар аз егіннің өзіне орақ сала алмай отыр. Өйткені жер – ылғал. Соның кесірінен комбайндар қаңтарылып тұр. Жаз бойы тамшы тамбай, күз келгенде, керісінше, күнара жаңбыр жауып, шаруалардың берекесін кетіруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде