{metadescription}
Қайырымдылық: «Алматы –  іңкәрім менің» фестивалінен түскен қаржы Арыстағы балалар үйіне жұмсалады
Қайырымдылық: «Алматы –  іңкәрім менің» фестивалінен түскен қаржы Арыстағы балалар үйіне жұмсалады

Қайырымдылық: «Алматы –  іңкәрім менің» фестивалінен түскен қаржы Арыстағы балалар үйіне жұмсалады

Арыспен біз де біргеміз! Дәстүрлі «Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестивалінен жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалмақ. Арыс қаласында болған жойқын жарылыстан қаладағы көптеген үйлер мен ғимараттар қирап, жарамсыз болып қалған еді. Олардың арасында балалар үйі де бар.

Енді «Дегдар» қайырымдылық қорындағылар мерекелік кештен жиналған қаражатты толығымен аталмыш мекеменің жөндеу жұмыстары мен қажеттіліктеріне бөлеміз деп отыр.

Арыс қаласындағы Төлеген Тәжібаев атындағы отбасылық балалар ауылының бүгінгі күйі осындай. Ескі ғимарат жаздағы болған жойқын жарылыс салдарынан мүлдем жарамсыз болып қалған. Қабырғалары сөгіліп, есік-терезелері қирап тұр. Бұл жағдайға куә болған «Дегдар» қайырымдылық қоры «Алматы –  іңкәрім менің» ретро-фестиваліне сатылған билеттерден түскен қаржыны мекеменің қажеттіліктеріне жұмсайтынын айтады. Осылайша ата-ана мейіріміне зәру балалар, тым болмаса, баспанадан мұқтаждық көрмесе екен дейді.

Лаура Ахметова, «Дегдар» гуманитарлық қорының директоры:

- Біз Арыс қаласындағы балалар үйіне спорттық және ойын алаңдарын салуды жоспарлап жатырмыз. Сондай-ақ, қыздар бөлмесіне тігін машинасы сынды аса қажетті, еңбекке баулитын құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Мақсатымыз - балалардың барлық қажеттілігін тауып, көңіліне қуаныш ұялату.  

«Дегдар» қайырымдылық қоры бұған дейін де еліміздегі көптеген балалар үйі мен балалар ауылына көмек берген. Мысалы, Теміртау қаласындағы SOS балалар ауылының оқушыларын сабаққа, жарыстарға баруына ыңғайлы автобуспен қамтамассыз еткен. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар ауылына спорт және ойын алаңдарын салып берді.

Зауреш Арыстанова, «SOS Астана балалар ауылы» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің директоры:

- «Дегдар» қорының біздің – балалар үйіне жасаған жақсылығына алғысымыз шексіз. Жазғы ойын алаңы бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді, қызықты етіп өткізуіне көп үлесін қосуда. Ал ойын алаңқайындағы жаңа құралжабдықтарды көрген олар қатты қуанып жатыр. Мұны көргенде, біздің де төбеміз көкке жеткендей болды.

Ендеше әсерлі әуен тыңдап, әдемі кешке куә болып қана қоймай, Арыс қаласындағы балалар үйінің қалыпқа келуіне сіз де өз үлесіңізді қосыңыз. Ол үшін бар болғаны «Алматы- іңкәрім менің» ретро-фестиваліне билет салып алсаңыз жеткілікті. Осылайша жақсылық жасап жарысайық!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде