Жамбыл облысы жұртының көптен бергі талап-тілегі орындалды
Жамбыл облысының аумағы кеңейтілді! Үкімет басшысы Асқар Мәмидің қаулысымен Алматы облысындағы Жамбыл ауданының мың гектардан астам жері Қордай ауданына қосылды. Осылайша бірталай жұрттың көптен бергі талап-тілегі орындалмақ.
Автор: Руслан Әбдіхалық
04.09.2019
Айдар Тәжіков, Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
- Ауылды көз алдыңызға елестетіңіз. Сол ауылдың жартысы кезінде Алматы облысына кіріп кеткен, қалып кеткен ғой. Отар ауылдық әкімшілігі қызмет көрсетіп отырды. Бірақ көшенің арғы беті Алматы облысында қалып қалған. Қазір сол елдімекендерді Отарға, Жамбыл облысына қостық.
Енді мұндағы жұрт шаруасын бітіру үшін 150 шақырым жердегі Ұзынағашқа сабылмай, иек астындағы Қордайға бара салады. Қазір екі облыс әкімдігі тиісті құжаттарды әзірлеп жатыр. Бұл шара бір айдың ішінде аяқталуы тиіс.
Айта кетейік, Жамбыл облысының қарамағына 1090 гектар алқап мүлкімен көшті. Атап айтсақ: Отардағы «Гвардейский» әскери гарнизоны, оқу-жаттығу полигоны, биологиялық қауіпсіздік поблемаларының ғылыми-зертеу институтының ғимараты және бірнеше кәсіпкерлік нысандар. Өндіріс ошақтары, жерасты қазба байлықтары мұнда атымен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!