Миллиондап пара алды деп айыпталған шенеуніктерге қатысты сот процесі басталды
Павлодарда миллиондап пара алды деп айыпталған Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы мен оның сыбайластарына қатысты сот процесі басталды. Ернұр Байғұрманов тінту кезінде үйінен табылған бума-бума ақша мен қымбат швейцариялық сағаттарды қайдан алғанын енді сотта айтады.
Автор: Аруна Ортай
04.09.2019
Байғұмаровты өзі ренжітіп алған кәсіпкерлердің бірі ұстап берген болатын. Іс материалдарына сәйкес, басшы бизнесменнің төленбеген салықтарын жасыру үшін 62 миллион теңге ауызбастырық алған. Бірақ, қолына тиген бойда берген уәдесін ұмытып кетіпті. Ал ақшаны қол астындағы басқарма бастығы мен тағы да бір офицермен теңдей бөліскен. Тінту кезінде салықшының үйінен 9 дана қымбат швейцариялық сағат табылды. Бірақ, қымбат бұйымдар туралы Байғұмаров әзірге тіс жармай отыр. Бүгінгі сотта да тек куәгерлер сөйледі. Естеріңізге салсақ, 38 жастағы павлодардық шенеунік былтыр кыркүйекте ұсталған. Оған және оның сыбайластарына «ірі көлемде пара алды» деген ауыр айып тағылып отыр. Бірақ Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы сот отырысына үйінен қатынайтын болады. Өйткені, кепіл ақша төлеп бостандыққа шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!