Тыйым салынған ала таяқ инспекторларға қайта қайтарылды
Жол қозғалысын реттеу кезінде 5 полицей жарақаттанып зардап шеккен. Әсіресе, жүргізушілер күн райы бұзылған уақыттарда тәртіп сақшыларын байқамайды екен. Сондықтан ала таяқты қайтарып беру оларға төнген қауіпті едәуір сейілтпек.
Автор: Әсел Тұмашқызы
04.09.2019
Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:
- Таяқтарын оларға қайтардық. Оған ақша қажет. Көрдіңіздер ме, министр қалай қуанып жатыр. Хирургке пышақ ұстатқандай, оларға таяғын қайтардық.
Осыдан екі жыл бұрын Ішкі істер министрлігі алатаяққа тыйым салған болатын. Енді бірінші қыркүйектен бастап қайта таратып берді. Дегенмен инспекторлар онымен көлік тоқтатпайды, тек қозғалысты реттеуге міндетті. Ал министрлік ала таяқты сатып алуға бюджеттен «қаржы сұрамаймыз» деп сендірді. Себебі, бұған дейін қолданылған таяқтар қоймада сақталып тұрған.
Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:
- Сақтау мерзімі жарамды таяқты пайдалануға бердік. Әзірге инспекторларға жетті. Сондықтан қазынадан қосымша қаржы сұрамаймыз. Егер тағы қажет болса, тендер өткізуге тура келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!