{metadescription}
«Древний Рим» мейрамханасында болған жапай төбелесте кінәлі кім?  
«Древний Рим» мейрамханасында болған жапай төбелесте кінәлі кім?  

«Древний Рим» мейрамханасында болған жапай төбелесте кінәлі кім?  

Қарағандыда жаңа жыл меркесі түні адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты іс сотқа жетті. Айыпталушылардың саны – 14. Олардың біреуінің ісі адам өлтіру, қалғаны бұзақылық баптары бойынша қаралып жатыр. Алайда сот алды тыңдалымда айыпталушылардың адвокаттары тергеудің толыққанды жүрмегенін айтып, істі қайта қарауға жіберуді сұрады.

Сара Мұхтарова, айыпталушының анасы:

- Ең алдымен марқұмның атаанасына көңіл айтамын. Бірақ менің балама жала жабылып жатыр. Рақымжанды ол өлтірген жоқ. Оны дәлелдейтін сараптама қортындысына тергеу орындары мән бермеді. Енді прокуратураның соның анық-қанығына жетуін талап етемін.

Екі сотталушы төбелеске қатыспағанын, қалғандары төбелесте тек арашашы болып жүргенін жеткізді. Жалпы, ешқайсысы кінәлі емеспіз деп отыр. Сондықтан адвокаттары оларды сот кезінде кепілмен бостандыққа жіберуді сұрады.

Естеріңізге салсақ, желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында жаппай төбелес болған еді. Сол кезде біреу 23 жастағы Рақымжан Жансейітті пышақ салып өлтірді. Оқиғадан кейін 13 күдікті қамауға алынды. Олардың арасында Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстан азаматтары бар. Тағы бір күдікті – Армения азаматы Ресейде ұсталып, оны экстрадициялау мәлесесі қаралып жатыр. Ал марқұмның туыстары тергеу толыққанды жүріп, нақты қылмыскер жазаланса дегенді айтты.

Бақытжан Жансейітов, марқұмның әкесі:

- Барлығы кінәлі емеспін деп отыр. Сонда баланы өлтірген кім? Мен түсінбей қойдым. Видеоматериалда санаған кезде 37 адам. Ол әйелімен, «Древний Рим» мейрамханасынан шыққан адамдарымен, бүкілімен. Ол 37 адамнан біз әйелдерді, арашалап жүргендерді алып тастады, сол кезде тіпті құрып кеткенде 20 адам шығуы керек қой. Мына жерде бір 13і отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.