{metadescription}
«Селденқорғау құрылыс» басшысы параны қалтасына салып үлгермеді
«Селденқорғау құрылыс» басшысы параны қалтасына салып үлгермеді

«Селденқорғау құрылыс» басшысы параны қалтасына салып үлгермеді

Қалтасына салып үлгермеді! Алматыда ауызбастырық алғалы тұрған жерінен «Селденқорғау құрылыс» мемлекеттік мекемесінің директоры ұсталды. Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты кәсіпорын басшысы компаниялардың бірінен келісім-шартқа отыру үшін 5 миллион теңге сұратқан.      

Бірақ, республикалық жолдардың біріне құрылыс жүргізгісі келген компания өкілі құзырлы органдарға алдын ала ескертіп қойған. Келісілген жерге түн жамылып келген «Селденқорғау құрылыс» мемлекеттік мекемесінің басшысы сұратқан ақшасын қалтасына салып үлгермеді. Құзырлы орган өкілдерін көре сала, ақшаны жерге лақтырып жіберді. Құрылыс жұмыстарын саудаға салған шенеунік енді қызметімен қоштаса берсе болады. Жемқорлыққа қарсы күрескерлер қылмыстық іс қозғап, оны абақтыға жапты.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде