{metadescription}
Жапониялық екпеден қауіп бар ма? Мамандардың пікірі
Жапониялық екпеден қауіп бар ма? Мамандардың пікірі

Жапониялық екпеден қауіп бар ма? Мамандардың пікірі

Елімізде туберкулезге қарсы екпе алған сәбилердің ата-анасы алаңдап отыр. Өйткені Жапонияда шығарылған вакцинадан күдікті зат табылған. Оны шетелдік өндірушілердің өзі айтып, дәріні кері қайтарған болатын. Енді екпе ектіріп үлгергендер бөбектерге бүлінген ерітіндінің кесірі тимей ме қауіптенеді. Жапониялық епе туралы мамандар не дейді?  

Жарамсыз деп танылған жапониялық вакцина бір Ақтөбенің өзінде 11 мың сәбиге егілген. Әзірге ешбірінен кері әсер байқалмапты. Әйтсе де, ата-ана алаңдаулы. Олар бүлінген ертіндінің бөбегімізге кесірі тимей ме деп қауіптенеді.

Гүлсана Төлеуова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:   

- Вакцинацияны перентханада алдық. Қазір оны бүлінген, Жапониядан келді деп жатыр. Баламызға бір қатер туғанда кім жауап береді? Жаңалықтардан көргелі алаңдап отырмыз.

Еліміз туберкулезге қарсы екпені 14 жылдан бері жапониялық BSG зертханасынан сатып алып келеді. Олар дәрінің айналдырған үш құтысына қақпақ сынығы түскенін жасырып қалмады. Сөйтіп вакцина жөнелткен 35 елден оны кері алдыртқан. Ал мамандар «жарамсыз» деп танылған екпені алып үлгергендерге «еш қауіп жоқ» дейді.

Нұрша Әзімбаева, ДСМ Тауар және қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің бас сарапшысы:

- Биылғы жылдың өзінде де вакцина кері қайтарылып алынғанға дейін балалар тамыз айына дейін осы вакцинаны алып келді. Қауіп туғызатын, адамдар арасында алаңдаушылық туғызатын еш негіз жоқ.

Енді сәбилерге туберкулезге қарсы екпе екі-үш ай салынбайды. Сондықтан өкпе құртын жұқтырмас үшін перзентханадан шыққан барлық нәресте шетелден вакцина қайта жеткізілгенше бақылауда болады.

Ерлан Тәтімов, Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері:

- БЦЖ вакцинасы жасамайтын кезеңде туылған балаларды қарап, оның отбасындағы туберкулезге шалдыққан науқастардың баржоғын анықтап, тексеріп, бақылау жүргіземіз.

Енді жапондар жарамсыз вакцина үшін төленген ақшаны елге кері қайтаруы керек. Оның орнына Үндістаннан туберкулезге қарсы жаңа препарат алдырмақшы. «Үнді елінің екпесіне еш өкпе жоқ», - дейді мамандар. Өйткені қызылшаға қарсы вакцинаны осы уақытқа дейін Үндістаннан сатып алып жүр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.