{metadescription}
«Байқоңыр» кинофестивалі елеусіз қалған жас режиссерлердің рухын көтерді
«Байқоңыр» кинофестивалі елеусіз қалған жас режиссерлердің рухын көтерді

«Байқоңыр» кинофестивалі елеусіз қалған жас режиссерлердің рухын көтерді

Алматыда танылмай жүрген режиссерлер қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті. Оларға мұндай мүмкіндікті «Байқоңыр» кинофестивалінің ұйымдастырушылары берді. Телевизия тұрмақ, кинотеатрлардың есігінен сығалай алмай жүрген жастар тұңғыш мәрте түсірген туындысын көпшілікке көрсете алды.

Қып-қысқа болса да, қып-қызыл кілем. Жан-жақтан суретке түсіріп жатқан фотографтар – жас режиссердің ұлы тойы. Себебі, білдей өнер академиясын бітірсе де, көбі көлеңкеде қалып жатыр. Ал «Байқоңыр» кинофестивалі, аты айтып тұрғандай, режиссерді танымалдыққа жетелейтін ғарыш айлағындай. Аракідік өтетін аталмыш шаралардың арқасында ғана жастар өзі түсірген туындысын киноеатрлардан көрсетіп, төбесі көкке жеткендей болады.  

Самғар Рақымұлы, режиссер:

- Түсіретін бізде ақша жоқ, болмаса, көрермендерден ақша алып, кинотеатрларға шығаратын да орай жоқ. Осындай фестивальдер ғана бізді бірденбір көрсететін мүмкіндік.  

Самғар Рақымұлы бала кезінен киноға құмартқан. Арман қуып академияны да бітіріпті. Бірақ «режиссер» деген аты болғанымен, экраннан алыс. Осыған күйінген киногер мамандығымен жұмыс таппай сандалған жастар туралы кино түсіріп, фестивальге әкелген. Бірақ Самғардың жеңер-жеңбесі белгісіз. Себебі биыл қарсыластары да мықты.               

Ержан Жұмабеков, «Байқоңыр» кинофестивалінің бағдарлама директоры:

- Басты идея тазалық іздеу. Адамның мішіндегі рухани тазалықты іздеу. Көп режиссерлер осы тақырыпта ой қозғауға тырысып жатыр.

Фильмнің режиссері қит етсе телефон таспасын қоса қоятындарды мысқылдаған. Фестивальге 100-ден астам туынды келіп түскен. Бірақ оның он шақтысы ғана іріктелініп алынды. Енді солардың ішінен үздігі анықталады. Нарымбетов, Сатаев, Адамбайлардың ізін басқан жастардың туындысын шетелдік мамандар бағалайды. Көзге түскені халықаралық фестивальдерге жолдама алмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде