{metadescription}
Ревматологиялық және аутоиммунды ауруы бар науқастарға жаңа бөлімше ашылды
Ревматологиялық және аутоиммунды ауруы бар науқастарға жаңа бөлімше ашылды

Ревматологиялық және аутоиммунды ауруы бар науқастарға жаңа бөлімше ашылды

Президент іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасында буын мен қызыл жиегі ауруын емдейтін жаңа бөлімше ашылды. 3-ші терапиялық бөлімше бір айдан бері аутоиммунды, яғни буын ауруы, жүйелік васкулиттер сынды дерттерге шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр. Дерт түрі жылдан-жылға көбейіп асқынып жатқандықтан, аурудың алдын алуға қаладағы санаулы емдеу орындары аздық етуде. Осыны ескерген емдеу мекемесінің басшылығы тағы бір бөлімшені іске қосты.

Шолпан Сәрсенбаева 2014-ші жылдан бері сыр берген сырқатымен күресіп келеді. Бастапқыда дертінің диагнозын анықтай алмай, көп тексеруден өтіп, талай аурухананың табалдырығын тоздырды. Созылмалы бронхиттен басталған сырқат бүгінде ревматологиялық ауруға ұласыпты. Жыл сайын дәрігерге қаралып тұратын ол бұл жолы осы жаңа бөлімшеге келуді жөн көрген. 

Шолпан Сәрсенбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Сырқатыма байланысты тіркеуде тұрғалы жыл сайын күз мезгілінің алдында міндетті түрде ауруханаға бір қараламын. Менде созылмалы бронхит. Ал ол өкпеге, жүрекке әсер етеді. Сол себепті үнемі дәрігердің бақылауында болуым керек. Ал жаңа бөлімшеде жасалатын жағдай өте ұнады.  

Көп салалы бөлімше дәрі-дәрмекпен ғана емес, оңалту жолымен емдеуді де қолға алған. Осы мақсатта соңғы заманауи аппараттар орнатылған. Мұнда жүйелік ревматологиялық ауруларға диагностика жүргізіліп, физиоемдеу де кеңінен қолданылады. Дәрігерлер: «Басты міндетіміз – науқасты мүгедектікке ұшыратпай, дертті дер кезінде анықтап, ем-дом жасау», - дейді.

Бақытгүл Орынбасарова, Президент іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасы 3-терапия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Бөлімше жалпы 17 төсекорынға арналған. Оның 10 төсек-орны тап осы ревматологиялық науқастарға арналған. Қазір барлық ревматологиялық науқастар орынмен қамтамасыз етілген.

Ревматологиялық және аутоиммунды аурулар – созылмалы дерт. Сол себепті тек буын ғана емес, басқа да ағзалар сауықтыруды қажет етеді. Егер сырқаттарды уақтылы емдемесе, соңы мүгедектікке әкеп соғуы да ықтимал. Сондықтан ауруыңыз асқынбас үшін жаңа бөлімшеге уақытында қаралып, алдын алған абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.