«Көкшетау-Алтынтау»: Сегіз тонна тастың астында қалған эскаваторшының өліміне кім кінәлі?
Ақмола облысындағы «Көкшетау-Алтынтау» кенішінде дәу тастың астында қалып мерт болған 25 жастағы экскаваторшы Мадияр Төлеубековтің өліміне кәсіпорын басшылары кінәлі деп танылды. Зеренді аудандық соты кен орнындағы жұмысқа жауапты 3 басшыға үкім кесті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
05.09.2019
Құрылыс кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтамағаны, абайсызда адам өліміне әкеліп соққаны үшін деген айып тағылған кеніш бастығы мен учаске бастығы және тау-кен шебері 2 жылдан шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олардың түрлі мекемелерде еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге, тау-кен жұмыстарын ұйымдастыруға 1 жыл бойы құқығы болмайды.
Еске салсақ, бір жыл бұрын кен орнында жұмыс істеп жатқан экскаватордың үстіне тау қыртысынан бөлінген 80 тоннадай алып тас құлаған. Тастың астында қалған Мадияр Төлеубеков бірер күннен соң қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!