{metadescription}
Алкоголь және темекі өнімін сататын дүкендер мен мейрамханаларға ескерту жасалды
Алкоголь және темекі өнімін сататын дүкендер мен мейрамханаларға ескерту жасалды

Алкоголь және темекі өнімін сататын дүкендер мен мейрамханаларға ескерту жасалды

Көлеңкелі кәсіпке жол жоқ! Алматыда алкоголь және темекі өнімдерін сататын дүкендер мен мейрамханаларға ескерту жасалды. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілерге аталған тауарда акциздік марка болу керектігін ескертті. Енді тексеріс кезінде заңбұзушылық анықталса, 378 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. 

Қуаныш Жырғалов, Қосымша құн салығын әкімшілендіру бөлімінің басшысы:

- Салық тексеруге шығарда әр кәсіпкердің жұмысына талдау жасалады. Талдауда 1 күнде бір литрден төмен алкоголь өнімін сатқан заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлерлер салық қызметкерлерінің назарына ілігеді. Тексеріс барысында бірінші кезекте осындай заңбұзушылыққа барған жеке кәсіпкерлер ілінеді.

Бүгінде Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 200 дүкен мен 45 мейрамханаға түсіндіру жұмысын жүргізді. Олардың айтуынша, ереже  сақтамайтын – көбінесе жекеменшік орындар. Жыл басынан бері жүргізілген тексеруде 60 мыңнан астам арақ-шарап бөтелкелері мен 504 темекі қорабы тәркіленіпті. Алдын алу шаралары жыл соңына дейін жалғасады. Ал кәсіпкерлер бұл ескертудің берер пайдасы мол екенін айтады.

Ольга Жидковская, мейрамхана иесі:

- Мемлекеттік кірістер департаменті алдын ала ескерту жасап, заңды түсіндіргені бізге көп көмегін тигізуде. Ең алдымен, айыппұл арқалаудан құтқарады. Сондайақ, базада барлық сатқан тауарларымыздың тіркелгені – алкоголь және темекі өнімдерін еш уайымсыз өткізуімізге мүмкіндік береді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.