{metadescription}
Жоғары оқу орындарына қойылатын талап күшейтілді
Жоғары оқу орындарына қойылатын талап күшейтілді

Жоғары оқу орындарына қойылатын талап күшейтілді

Елімізде жоғары оқу орындарына қатысты талаптар күшейтіліп жатыр. Білім және ғылым министрлігі енгізген жаңа ережеге сай, енді университтер түлектерінің кемінде жартысын жұмысқа орналастыруға міндетті. Олай болмаса, оқу ошақтары жабылып тынуы мүмкін.

Гүлзат Көбенова, ҚР Білім және ғылым министрлігі, білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы:

- Ондай жоғары оқу орындарының саны қысқару керек деп кеше мемлекет басшысы нақтылап айтты. Сондықтан университеттер барлық күшжігерін салу керек. Жұмыс берушілермен жан-жақты жұмыс жүргізу қажет. Мүмкін келісім-шартқа тұру керек.  

Бұған дейін университеттер түлектерін көрсеткішке бола жұмысқа орналастыруға тырысатын. Енді рейтинг үшін ғана емес, жабылып қалмау үшін де диплом алған қыз-жігіттерді қызметке тұрғызуға ат салыспақ. Ереже осы оқу жылынан бастап күшіне енді.

Білім министрлігі жоғары оқу орындарына жаппай тексеріс жүргізіп, диплом сату деректерінің алдын алмақшы. Әрі онлайн білім беретін университтер қатаң бақыланады. Өйткені алаяқтардың көбі қашықтықтан оқытатын оқу орындарының атын жамылып диплом сатуды әдетке айналдырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде