{metadescription}
Мүмкіндігі шектеулілерді жылатқандар шектеусіз мүмкіндікке ие болды
Мүмкіндігі шектеулілерді жылатқандар шектеусіз мүмкіндікке ие болды

Мүмкіндігі шектеулілерді жылатқандар шектеусіз мүмкіндікке ие болды

Бюджеттің 101 миллион теңгесін жымқыруға атсалысты деп айыпталған Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары айыппұлмен құтылды. Ақпаннан бері қамауда отырғаны ескерілген Жандос Әбішевке 3 миллион теңгені 3 айда төлеуге мүмкіндік берілді.

Ал оның інісі Елдар Әбішев те 5 жыл шартты жазамен құтылды. Олар кінәсін мойындап, бюджетке келген 101 миллион теңге шығынды өтеп беріпті. Тергеу мәліметі бойынша, Елдос Әбішевтің фирмасы мүгедектерге арналған арбаларды сатып алу тапсырысын ұтып алған. Алайда жүре алмайтындарға арналған арбалардың сапасы төмен, ебедейсіз деп танылды. Сөйтсе, ол арзан арбаның бағасын қымбат етіп көрсетіпті. Бұған оның лауазымды қызметтегі ағасы Жандос Әбішев қолдау көрсеткен. Ақырында ол арбаларға ешбір мүгедек отыра алмады. Тергеу орындары оған кәсіпкерлік іске заңсыз араласты деген айып таққан. Алайда мүмкіндігі шектеулілерді жылатқандар шектеусіз мүмкіндікке ие болып, сот залынан үйіне оралды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде