Оппозициялық «Ақиқат» партиясының жетекшісі қызметінен кетті
Оппозициядағы партияның жетекшісі қызметінен кетті! «Ақиқат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 15-ші съезінде тағы да төраға ауысты. Саяси партия тізгінін бес ай бұрын қолына алған Ермұрат Бапи төрағалықтан кетіп, ұйымның мүшелігінен де шығарылды.
06.09.2019
- Бауырым, тұра тұршы. Әкежан, Бергей туралы айтылды. Олар ешқандай партияда жоқ. Егер олардың сөзіне көнген жағдайда, 4 айда партия қаржыландырылып тұрар еді.
Ермұрат Бапидің партия басшылығынан кетуіне Париж сапары себеп болған сияқты. Ол бір топ белсенділермен Франция астанасына барып, қашып жүрген бұрынғы шенеуніктер Әкежан Қажыгелдин, Бергей Рысқалиевпен кездескен болатын. Оның бұл әрекетін қатты сынға алған жақтастары төрағаның жұмысына сенімсіздік білдірді.
Енді аталмыш партияны Асхат Рақымжанов басқарады. Ол бұған дейін саяси ұйымның елордадағы филиалында жетекші болған.
Еске салсақ, ЖСДП партиясын 12 жыл басқарған Жармахан Тұяқбай биылғы сәуірде төрағалықтан кеткен еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!