{metadescription}
0:000:00
Ұлын өлімші етіп сабаған Асқароғлы ақыры сотталды

Ұлын өлімші етіп сабаған Асқароғлы ақыры сотталды

Алматыда ұлын өлімші етіп сабады деп айыпталған Мұрат Асқароғлы ақыры сотталды. Өз әрекетімен елдің есін алған қатігез әке 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Алайда судьяның үкімімен келіспеген туыстары қаулыны соңына дейін тыңдамай, сот залын басына көтерді. Оларды сабасына түсіру үшін соңғы процеске арнайы жасақ сарбаздарын шақыртуға тура келді. Даумен басталған соттың соңғы отырысы қалай аяқталды?  

Алматыда туған ұлын таспен ұрды деп айыпталған Мұрат Асқароғлыға қатысты үкімді тыңдауға келген туыстары қатты қобалжулы. Судья бірден үкімді оқуға кірісті. «Мұраттың кінәсі толық дәлелденді» дегені сол-ақ еді, Асқароғлы әулетіндегілер айғайға басты.

Көз жасын көл қылған туыстары бірінен кейін бірі құлап, есінен танып жатты. Мұндай дүрбелеңді күтпесе керек, судья мен алқа билер залдан шығуға асықты. Сот залын басына көтергендер айыпталушының «сүттен ақ, судан таза» екеніне сенімді.

Ася Дусарова, М. Асқароғлының әпкесі:

- Алқа билерді келістіріп қойған. Олар біздің көзімізге тіке қарай алмады. Әділетсіз шешім. Менің бауырым қылмыс жасаған жоқ.

Соңғы сот процесіндегі азан-қазан ахуал арнайы жасақ сарбаздарының келуімен сап тыйылды. Судья қайта кіріп, жарты жылға созылған соттың үкімін оқыды. Осылайша Мұрат Асқароғлы ауыр дене жарақатын келтірді деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Еркін Майшинова, судья:

- Мұрат Асқароғлы Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2-бөлімінің 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін. Алғашында оған кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылған еді. Алайда алқа билер мен сот ақылдаса келе, әкенің ісәрекетін одан гөрі жеңілдеу қылмыс деп таныды.

Еске салсақ, 4 жасар Мұхаммед өткен жылдың шілдесінде қалың ағаштар арасынан шала-жансар күйі табылған. Алғашында жақындары бүлдіршінді көлік қағып кеткенін алға тартқан. Көп ұзамай, полиция нағыз сұмдықтың бетін ашты. Тергеушілердің мәліметінше, шынашақтай ұлды туған әкесі таспен самайынан ұрып, кілемге орап кетіпті.

Ал қатты соққыдан бас сүйегі зақымданған Мұхаммед «жарты жыл ем-дом қабылдады» дейді туыстары. Баланың денсаулығы қазір жақсы.Бүлдіршін жантүршігерлік оқиғаны ұмытып, әкесін қатты сағынатын көрінеді. Сондықтан Асқароғлы әулеті алдағы уақытта «апелляцияға жүгінеміз» деп отыр.                     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде