{metadescription}
Кассир қызға тапанша кезеп, жарты миллионды сыпырып кетті
Кассир қызға тапанша кезеп, жарты миллионды сыпырып кетті

Кассир қызға тапанша кезеп, жарты миллионды сыпырып кетті

Өскеменде букмекер кеңсесін қарумен тонағандар ұсталды. Таңсәріде ойын залына баса-көктеп кіріп келген қарақшылар кассир қызға тапанша кезеп, жарты миллиондай теңгені алған.

Қарулы шабуыл бейне таспаға түсіп қалыпты. Бет-аузын тұмшалаған қарақшының бірі бірден кассаға беттеген. Кассир қызды қарумен қорқытып, букмекерлік кеңсенің бір күндік табысын сыпырып әкеткен. Кассада жарты миллион теңгеге жуық ақша болған. Букмекерлік кеңсені бес минуттың ішінде тонаған қарақшылар бір аптадан соң қолға түсті. Күдіктілер кінәсін бірден мойындады. Бірақ жарты миллион теңгенің букмекер қожайынына қайтарылуы екіталай. Өйткені жігіттер оны жаратып қойған. 

Әсел Әміренова, Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз хатшысы:

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.