{metadescription}
Полиция: «Шымкент крепеж» зауытында заңсыз гастарбайтерлер толып жүр
Полиция: «Шымкент крепеж» зауытында заңсыз гастарбайтерлер толып жүр

Полиция: «Шымкент крепеж» зауытында заңсыз гастарбайтерлер толып жүр

Шымкентте полицейлермен тығылмақ ойнаған шетелдік жұмысшылар ұсталды. Бұл жағдай металл нығайтқыштарды шығаратын «Шымкент крепеж» зауытында жалданып істеген қандастарымыздың шағымынан кейін әшкереленіп отыр. «Зауыт басшылығы әуелгі келісімді бұзып, жұмыссыз қалдырды», - дейді жергілікті жұмысшылар. Яғни, жұмыс жеткілікті болғанымен, Қытай мен Өзбекстан азаматтарын алып, отандастырымызға мұрын шүйіре қарайды екен.

Шағым бойынша барған полицейлер зауыттың расымен заңсыз гастарбайтерлерге толы екенін анықтады.

«Шымкент крепеж» зауыты бейтаныстарды ұнатпайтынын бірден аңғаруға болады. Тілшілермен полицейлерді көре сала, күзет биік қақпаны жауып тастады. Погондылар қақпаны әзер ашқызды. Бірге келген қазақ жұмысшылар бұл зауыт «өз заңымен өмір сүреді» дейді. Яғни, жұмысшылармен алғашында келісім-шарт түзгендей болған мекеме басшылығы олардың қолына ешқандай құжат бермеген. «Енді құқымызды таптап жатыр», - дейді.

Талғат Иманалиев, жұмысшы:

- Өзбекстандық азаматтар істеп жатыр. Соларға жұмыс беріп жатыр. Бізді тоқтатып қойды. Басшыларымыз негізінде «төлейміз» деген. Демалған күнге де ақша төлейтін болған. Енді төлемей жатыр, тамаққа да талон бермейді.

Қызықтың көкесі содан кейін басталды. Зауыттың ішінде Қытай мен Өзбекстан азаматтарының толып жүргенін айтқан соң полицейлер мекеме ішін аралаған. Алғашында тып-тыныш көрінгенімен, келімсектердің барлығы қуыс-қуысқа тығылып отыр екен.

Погондылар қаптаған соң топырлай ұсталған жұмысшыларына араша түскісі келген зауыт өкілдері де келіп жетті. Алайда зауыт әкімшілігі не камераға түскісі келмейтін, ашық сұхбат бергісі келмейтін ашық айтты.

- Сіздерге полиция қызметкерлері сұхбат береді. Аудандық ішкі істер бөліміне барыңыздар. Әрине, бас тартамыз, мен бұл фирманың заңгерімін. Бітті, жауап бермеймін.

Заңгері «заңды бұзып жатқан жоқпыз» десе де, тәртіп сақшыларының полиция бөліміне жеткізген 8 қытай мен 3 ала шапанды елдің азаматының құжаттары дұрыс болмай шықты.

Жерімізде заңсыз тайраңдап жүрген шетелдік жұмысшыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Енді олардың мәселесін сот шешеді.

Десе де, мигранттардың қашан және қалай келгені сол күйі құпия болып тұр. Сондай-ақ, жерлестерімізден жерініп, жат жұрттықтарды елірткен «Шымкент крепеж» зауытына қатысты қандай шара қолданылатынын ешкім айтпады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде