{metadescription}
Air Astana аспандап тұрған билет құнын арзандатпайды
Air Astana аспандап тұрған билет құнын арзандатпайды

Air Astana аспандап тұрған билет құнын арзандатпайды

Air Astana билет бағасын арзандатпайды. «Өзге елдермен салыстырғанда бізде билет құны онсыз да төмен», - дейді әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

Питер Фостер, Air Astana әуе компаниясының президенті ауд:

- Алысжақын шетелдің әуе тасымалдаушыларына қарағанда біздегі баға бірнеше есе төмен. Бұл ретте бізге қарасты Fly Аrystan компаниясының барып-келу құны шамамен 45 доллар. Өзге лоукострлермен салыстырғанда мұндай баға жоқтың-қасы.

Әуе компаниясы алдағы уақытта лоукостердің жұмысын жандандырмақ. Ол үшін «Fly Аrystan» әуе паркіне тиесілі ұшақ санын 2-ден 10-ға дейін көбейтуді көздеп отыр.

Келер жылдан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Қарағандыдан жаңа рейстер ашылады. Дегенмен Питер Фостер Air Astana компаниясының аспандап тұрған билеттерін арзандатпайды.

Еске салсақ, жақында президент жолдауында еліміздегі басты әуе компаниясының билет бағасын неліктен 30 пайызға қымбаттатып жібергенін тексеруді талап еткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде