{metadescription}
ІІМ: Кішкентай ұл-қыздарды зорлайтындардың басым бөлігі – өз туысы
ІІМ: Кішкентай ұл-қыздарды зорлайтындардың басым бөлігі – өз туысы

ІІМ: Кішкентай ұл-қыздарды зорлайтындардың басым бөлігі – өз туысы

Елімізде кішкентай ұл-қыздарды зорлайтындардың басым бөлігі туған әкесі, өгей әкесі мен өзге де жақын туыстары. Ішкі істер министрлігі бүгін осындай деректерді жария етті. Тек жыл басынан бері 600-ге жуық балаға қатысты жыныстық зорлық жасалыпты.

Марат Қожаев, Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Қылмыс жақын адамдар тарапынан болған жағдайда оны дәлелдеу қиын. Себебі оқиға үйде ешкім жоқ кезде болуы мүмкін. Яғни куәгер жоқ, ал зардап шегуші кәмелетке толмаған. Бүгінде ішкі істер органдарының есебінде «педофилия» санаты бойынша осындай 1350 адам тіркеуде тұр.

Азғындардың тағы мың жарымы түрмеде жазасын өтеуде. Дегенмен кішкентай ұл-қыздарға қырғидай тиетін педофилдер азаймай тұр. Сондықтан оларға қарсы күресті күшейткен полицейлер қаскөйлерді интернет арқылы ұстап жатыр. Ол үшін тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балалардың атынан ашылған фейк аккаунттарды пайдаланады. Сөйтіп, оған сексуалдық сипатта жазған адамдарды ұстап, қылмыстың алдын алады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баланы зорлайтындарға қатысты жазаны күшейтуді тапсырған. Бас прокуратура әзірлеген жаңа заң жобасы бойынша енді азғындар өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде