{metadescription}
Степногор: Көп балалы аналар көмектен неге қағылды
Степногор: Көп балалы аналар көмектен неге қағылды

Степногор: Көп балалы аналар көмектен неге қағылды

Степногор қаласында атаулы әлеуметтік көмектен қағылатынын естіген көпбалалы аналар наразылық білдірді. Жәрдемақыға балаларын мектепке әзірлеуді жоспарлап отырғанда 104 отбасына көмек тоқтатылатыны туралы айтылған. Әйелдердің айтуынша әлеуметтік сала мамандары оның себеп-салдарын түсіндірмеген. Шенеуніктер әйелдермен бетпе-бет кездесуге тек олар айқай-шу шығарып, атаулы көмекті талап етіп көшеге шыққанда ғана келді.

Төрт ай бойы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып келген отбасылар аяқ астынан көмектен неге қағылғанын түсіне алмай жүр. «Аз уақытта тұрмысымыз жақсарып, күнкөрісіміз түзелсе бір сәрі», - дейді олар. Степногорлық көпбалалы аналар жағымсыз хабар естігелі әкімдіктің есігін қағумен жүр.

- Сіз маған туыстарыңыз жалға берілетін пәтерге беріп тұрады деп айттыңыз емес пе?! Балаларыммен ант етемін, 380 мың теңге тек емге және үй жалдауға жұмсалады.

3-ші сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін бауыры езіле бастағанын білген Юлия Миронова туыстары берген қаражатпен Астанада ем-дом алған. Әлеуметтік сала мамандары сол жұмсалған ақшаны да «отбасының табысына қосып жіберді» дейді ол. Ашынған Юлия көз жасын жасыра алмады. Аналардың жиналып, әлеуметтік сала мамандарына бас салуына осындай түрлі жағдайлар себеп.

Юлия Гавриленко, көпбалалы ана:

- Бес балам бар. Екеуі егізден туды. Бәрі әлі кәмелетке толған жоқ. Сенесіз бе, егіздерді туғанда олар менің қолымдағы сыйлыққа алған жүзігім мен неке жүзігіме дейін есепке алды. Оның үстіне менің пәтерімнің жөндеуі жақсы екенін көрді. Күйеуімнің табысы жетпейді. Енді, міне, 4 ай алған әлеуметтік атаулы көмекті бізге де тоқтатты.

Қарлығаш Қапарова, Степногорск қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Министрліктен 104 отбасына атаулы әлеуметтік көмекті тоқтату туралы ұсыныс түсті. Қазір жан-жақты тексеріп жатырмыз. Әзірге бізге белгілісі – 12 отбасы табысын жасырған. 36 отбасының табысы тиісті мөлшерден асып кеткен. Олар енді көмекті мүлдем алмауы да мүмкін. Өз құқығын сотқа шағымданып қорғай алады.

Тиісті мөлшер деп тұрғаны кедейшілік деңгейінен 420 теңге асып кеткен отбасы жайлы екен.

Басына қиыншылықтарын айтуға келген аналардың бірі жүрек талмасы ұстап естен танып қалды. Жедел жәрдем дәрігері Ақшагүл Шерниязованы қарап, ауруханаға алып кетті.

Әкімдіктегілер атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылған отбасылардың жағдайын әлі де зерттейтінін айтып  құтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.