Су жаңа оқулықтар су астында қалды
Су болған су жаңа кітаптар. Атырауда баспадан енді ғана шыққан оқулықтар жаңбыр астында қалды. Нөмірі 2-ші орта мектептің ауласында шылқыған кітаптары бар видео әлеуметтік желіні шарлап кетті.
Автор: Асқарбек Қазанғап
12.09.2019
Жаңбырдың кейбір қорапты тесіп өткенін де көруге болады. Видеодағы адамдар оқулықтарды балшық күйінде көліктерге тиеуде. Ал жергілікті атқамінерлердің жағасы жайлауда. «Бұл келеңсіз жағдай емес, кітаптар бүлінбеген» деп отыр. Жауапкершілікті жаңбырға сілтеген жауаптылардың айтуынша, бұл жағдайдан бір теңге де шығын келмеген.
Ұлықбек Тінәлиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:
- Таңертен дайындап шығарып қойған. Көліктер түсіріп жатыр бірнеше рейспен. Сол кезде жаңбырдың кесірінен кейбір кітап су болды. Ешқандай келеңсіз жағдай деп айтуға болмайды. Қазір әлеуметтік желіге көрінген затты сала береді. Ол жерде ешқандай шығын келтірілген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!