Өмірден әбден қажыған жігіт биіктен секіріп өлмек болды
Нұр-Сұлтанда өмірден қажыған жігіт биіктен секіріп суицид жасамақ болды. Есіл өзенінің үстіндегі көпірге шығып алған ол құтқарушыларды әбден әбігерге салды.
Автор: Досжан Маратұлы
12.09.2019
- Бәрі жақсы болады, Рүстем! Бауырым, балалық жасама! Былай қарай жақындашы, өтініш.
Дегенмен Рүстемді көндіру оңайға соққан жоқ. Бір сағатқа жуық көпірдің дарбазасында отырған ол құтқарушыларға өмірден әбден қажығанын айтқан. Төменге үрмелі матрас қойылғанымен, оның қажеті болмады. Секірмек болған жігіт ақыры көніп, төменге түсті. Алты несиесі бар ол әкімдіктен баспана талап еткен. Бірақ мұны қала билігі негізсіз деп отыр. Өйткені пәтер кезегінде тұрмаса да, секірмек болған жігітке шаршы метр жалдауға көмектесіпті. Енді жұртты дүрліктірген ол әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.
- Қандай талап қойдыңыз?
- Үй керек, үй!
- Үй бермей жатыр ма?
- Бермей жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!