Ауруханадағы өртте ауыр науқастар терезеден төсегімен шығарылды
Рио-де-Жанейродағы ауруханада өрт болып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты. Құтқарушылар төсекке таңулы сырқаттарды тілсіз жаудан аман алып қалу үшін терезеден шығарды.
Автор: Аруна Ортай
13.09.2019
Аурухананың ота жасайтын бөлімшелері мен жансақтау бөлмелері түгел отқа оранды. Өрттен көз жұмғандардың барлығы - жасы елуден асқан науқастар. Құтқару қызметінің хабарлауынша, марқұмдардың жүрегі түтінге шыдамаған. Ал ауыр жағдайдағы басқа сырқаттар терезеден төсегімен шығарылды.
Таңертең тұтанған өрт тек түнде өшірілді. Ауруханадағы қымбат медициналық құрал-жабдықтар түгі қалмай өртенген. Өрт себебі әзірге белгісіз. Дегенмен от темекі тұқылынан тұтанған болуы мүмкін деген болжам бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!