{metadescription}
Әбілфайыз Ыдырысов: Сол есіме түссе, көзіме жас келеді... 
Әбілфайыз Ыдырысов: Сол есіме түссе, көзіме жас келеді... 

Әбілфайыз Ыдырысов: Сол есіме түссе, көзіме жас келеді... 

Қазақ руханияты тағы бір нар тұлғасынан айырылды. 90 жасқа қараған шағында белгілі жазушы-журналист, қоғам қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов өмірден озды. Саналы ғұмырын қазақ журналистикасының дамуына арнаған ол сөз ұстаған талай буынды тәрбиелеп, артына өлмес туындылар қалдырған.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы Қостанай облысында дүниеге келді. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған қаламгер «Қазақстан пионері» газетінде еңбек жолын бастап, балалар басылымының бас редакторы қызметіне дейін көтерілген. Бұдан өзге әр түрлі басылымдарда еңбек еткен ол ұзақ жылдар аталған университетте дәріс беріп, болашақ журналистерге газет безендіру, полиграфия ісін үйретті. Осы бағытта көптеген ғылыми-зерттеу кітаптарын жазып, қаламынан көптеген көркем туындылармен қатар елге белгілі «Таңшолпан» романын жазды.

Жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып өсіп, есейгенде сан ұрпаққа темірқазық бола білген қаламгер-ұстаз - бұрынғы Сыртқы істер министрі, қазір Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.  

Әбілфайыз Ыдырысов:

- Мен әкемнен жас қалғанмын. Сонда жыламағанмын. Соғыста өлді. Шешемнен ерте қалдым, оны білмеймін де. Сонда да жыламаған адам едім. Мен еліме бір барғанда Бозқасқа деген жер бар. Біздің елдің несі, Мойылды, сол жерден сұлбасы көрінеді. Сол кезде көзіңе еріксіз жас келеді. Қой баққан адаммын. Тайынша баққанмын. Сол есіме түсіп, көзіме жас келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде