{metadescription}
Шымкенттің экс-әкімінің мың қоғамдық көлікпен қамтимыз деген сөзі желге ұшты 
Шымкенттің экс-әкімінің мың қоғамдық көлікпен қамтимыз деген сөзі желге ұшты 

Шымкенттің экс-әкімінің мың қоғамдық көлікпен қамтимыз деген сөзі желге ұшты 

Шымкент уәде етілген автобустардан құр қалды. Осыған дейін қала әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымов биыл жыл соңына дейін мың қоғамдық көлікпен қамтимыз деген сөзі желге ұшты. Өзі лауазымынан айрылған соң, сөзі де салмағынан айрылған болcа керек, басшы уәде еткен автобустың тек 30 пайызы ғана келген.

Жаңа автобустар үшінші мегаполиске керек-ақ. Қазір қызмет көрсетіп жатқан көлік компанияларының тым сапасыз екенін билік те талай мәрте мойындаған. Жұртшылық дер кезінде қатынамай, билеттендіруден  жұрдай деген шағымдарынан соң жыл басында муниципалды замануи автопарк жасап, мың автобус әкелетін болған еді. Бірақ бұрынғы әкім қызметінен кеткен соң, оның бастамасы да ысырылып қалды.

Қоғамдық көліктердің қозғалысына тікелей жауап беретін «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бұл жағдайға бейқам отыр. Осыған дейін бұл мекеме ескі автобустарды жаңасына уақтылы ауыстырамыз деп уәде берген-ді. Ол әзірге тек сөз жүзінде қалғандай.

Жергілікті билік қаладағы 27 көлік компаниясының алтауы ғана талапқа сай екенін мойындайды. Тағы 700 автобус қалаға ауадай қажет деген әкімдік, келер жылдан бастап Шымкентте қоғамдық көлік проблемасы болмайды деп сендіреді.

Қуатжан Жұматаев, Шымкент қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

- Мына 200 автобусымыз бар, оны қою керекпіз. Одан кейінгі 2020 жылы 700міз келеді. Оны қоятын болсақ, жағдайымыз жақсарады. Яғни, кондуктор дұрыс сөйлемейді, билет бермей жатыр, кешкі уақытта жүрмейді деген. Осы мәселелерді түбегейлі шешуге осыны жолға қойып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде