{metadescription}
«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова дүниеден озды
«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова дүниеден озды

«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова дүниеден озды

«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова дүниеден озды. Мәліметтерге қарағанда, небәрі 30 жастағы эстрада жұлдызының жүрегі тоқтап қалған.   

Қайғылы жағдай бүгін таңертең болды. Әнші туған жері Қарағанды облысы Қарқаралы ауылына – ата-анасының үйіне қыдырып барған екен. Туыстарының айтуынша, сонда еден жуып жатқанда кенеттен жүрегі тоқтап қалған.

Дегенмен кейбір ақпаратқа қарағанда, Хамитова асылып өлген көрінеді. Оны қазір полиция анықтап жатыр.

Super Star байқауының финалисі бұған дейін де 21 мәрте суицид жасамақ болған екен. Ол туралы біздің арнадағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына қонаққа келгенде ағынан жарылып айтқан еді. Студияда көз жасын төккен Жанар өзінің қатты күйзелісте жүргенін де жасырмады. Түркияда жүргенде азаматтық некедегі жолдасымен ажырасып, екі ұлын сонда қалдырған. Сөйтіп жат жерде жалғыз қалған Жанар мейрамханаларда ыдыс-аяқ жуып жан баққанын, басынан өткен тауқыметін «Астарлы ақиқат» ток-шоуында көрсеткенбіз. Жанар Хамитоваға арналған сол бағдарламаны назарларыңызға ұсынамыз.                    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде