{metadescription}
Туған қызына пышақ кезеп, кепілде ұстаған Айдарханов сотталды
Туған қызына пышақ кезеп, кепілде ұстаған Айдарханов сотталды

Туған қызына пышақ кезеп, кепілде ұстаған Айдарханов сотталды

Қарағандыда пышақпен қаруланып 3 жастағы қызын кепілде бірнеше сағат ұстаған Жанболат Айдарханов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Отбасылық жанжалдың артын насырға шаптырған ол енді мәжбүрлі түрде ем де қабылдайтын болады.

Соттың мәліметінше, кінәсін мойындап, прокуратурамен келісімге келгендіктен оған осы бап бойынша берілетін 12 жылдың жартысы тағайындалған. Бұрын сотталмағаны, үш баласы бары және 2-ші топтағы мүгедек екені де ескерілді.

Еске салсақ, сәуірдің 17-сі күні ол жанжалдан соң үш баласын алып төркінніне кеткен әйелін қуып келген. Ұрыс-керіс тағы болып, әйелі екі баласын жетектеп пәтерден қашып шығыпты. Кенже қызын қамап алған отағасы келген полицияға есік ашпай әлек салады. Бүлдіршінге пышақ тақап, өзін көлікпен орталық мешітке жеткізуді талап еткен. Тәртіп сақшыларын тыңдамай, туысының көлігімен діттеген жеріне жетеді. Полицейлер тайлы-тұяғымен еріп келіп, ол кірген мешітті толық қоршап түнге дейін ала шапқын болған.

Еркеш Мәукен, Қарағанды облыстық сотының ресми өкілі:

- Мешітке баласына пышақ кезеп тұрып барған. Әйелі келіп, баланы құтқару үшін аяққа жығылып кешірім сұраған. Сол кезде ол талаптарының орындалғанын айтқан. Содан кейін полция қызметкерлері баланы құтқарып қалды. Ол кінәсін толық мойындаған. Отбасылық жағдай болған соң сондайға барғанын айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде