{metadescription}
Көкшетау: Курсанттардың астан жаппай уланғаны рас па?
Көкшетау: Курсанттардың астан жаппай уланғаны рас па?

Көкшетау: Курсанттардың астан жаппай уланғаны рас па?

Құтқарушылардың өзін құтқаруға тура келді. Көкшетау техникалық институтының курсанттары жаппай астан уланды. Олар екі күн бойы инфекциялық бөлімшелерді жағалап дәрігерлер көмегіне жүгінген. Іші ауырып, казарманың дәретханасына сыймаған олар түнімен далаға жүгіріпті. Алайда әскери оқу орнының басшылары бұл жағдайды мүлдем жоққа шығарып отыр. Олардың сөзінше, қазір санитарлық бөлімшеде 3 курсант қана жатыр. 

Еліміздегі азаматтық қорғаныс саласындағы жалғыз жоғары оқу орны болашақ құтқарушыларды әзірлейді. Курсанттармен төтенше жағдай осы оқу орнында болған. Сенімді дереккөз мәліметінше, 2-ші курс курсанттарының 70 пайызының түнімен іші судай өтіп дәретхана күзеткен. Курсанттардың түнгі уақытта неше рет тұрып ішін босатуға барғандары журналға тіркеліп отырады. Таң атысымен оларды фельдшер қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына апарады. Сол жерде жағдайды білмек болған журналистерді көріп, курсанттар кейін қарай қаша жөнелген. Инфекция ауруы мамандары да мұны әскери құпия санап отыр. Институт бастығы да жаппай улану «болған жоқ» деп мәлімдеді. Бірақ әскери оқу орнының санитарлық бөлімшесін көрсетуден бас тартты.

Сырым Шәріпханов, Көкшетау техникалық институының бастығы:

- Біздің Көкшетау техникалық институтында ешқандай улану жағдайы болған жоқ. Бірнеше курсант ішім ауырды деп айтты. Ол алдыңғы күні болған жағдай. Бәрін тексеріп, сол күні олар сабаққа шыққан жоқ. Үшеуін арнайы бақылап, санитарлық бөлімге жатқызып тексердік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде