Абу-Даби плаза құрылысшылары жұмыстан негізсіз шығарғанына наразы
Елордада атышулы Абу-Даби плазада кезекті еңбек дауы! Бұл жолы 40-тан астам құрылысшы жұмыстан негізсіз шығып қалғанын айтып шағымданып отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
16.09.2019
Ақылбек Мәмбетжалин:
- Жұмыстан еріксіз шығарып жатыр. Бізден бөтен шетел азаматтарының барлығы қалып жатыр. Өткенде 40-адам шығарған. Бүгін тағы сонша шығарды.
- Себебін айтпай ма?
- Себебін айтпайды. Ешқандай себеп жоқ. Сосын бізге өтемақы да «төленген жоқ.
Жұмыстан себепсіз шығып қалдық» дегендер құрылысы созылған «Абу Даби плазада» сантехник, электрик және монтаждаушы болып тоғыз айдан бері еңбек еткен. Жұмыстан шығып қалғандарын да «кеше естідік» дейді. Сол үшін мердігер World monitoring фирмасынан өтемақы талап етіп отыр. Барлығының қолында еңбек келісім-шарты бар. Дегенмен оларды жалдаған компания артық ақша төлеуден бас тартыпты. Сондықтан бір топ жұмысшы бүгін «Нұр Отан» партиясына әділдік іздей келген. Ондағылар сәл шыдай тұруға шақырды.
Жұмажан Жүкенов, «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бас кеңес берушісі:
- Біз қазір заң бұзылып отыр ма, бұзылмай отыр ма, соны зерттеуіміз керек. Ол үшін өзіміздің әкімдік болсын, еңбек инспекциясы болсын, прокуратура болсын, солардың көмегімен осы мәселені зерттеп шешуге тырысамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!